Русский Сайттың толық нұсқасы

Экологтар күшәла қалдығын бос жатқан шахталарға көмуді талап етуде

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2015
  • 3008

«Өнеркәсіп саласы дамыған аймақтарда жүздеген тонна күшәла ашық қоймаларда сақтаулы тұр». Өскемендік экологтар осы мәселеге қоғамның назарын аударуға тырысты. Бұл көптеген ірі өндіріс ошақтары шоғырланған Өскемен үшін де күрмеуі қиын мәселе.

Экологтар қорғасын, мыс және алтын сияқты түсті металлдардың қалдығы саналатын күшәланы басқа елдер қолданыстан шыққан шахталарда сақтайтынын айтадыЕуропада,Америкада, Канадада жер астына көмеді.

Бұл қалдықтар неғұрлым улы болса, соғұрлым тереңірек көмеді, белгілі ережеге сай. Жер бетіндегі полигон болғанымен оны залалсыздандыру қажет. Қоршаған ортаға зияны тимеу керек.

Осыны ескерген мамандар, Экологиялық кодекске өзгертулер енгізу қажет дейді. Әзірге қауіпті күшәла құрғатылып, қапшықтармен бұрынғы Семей ядролық полигонындағы «Балапан» учаскесіне жеткізілуде.

Алдағы 4 жыл ішінде бір ғана «Қазмырыш» кәсіпорны 108 мың тоннадан астам улы затты полигонға тасуды жоспарлап отыр. Қалдықтар 14 шұңқырға бөліп сақтамақ. Әзірге оның тек екеуі қазылған.

Вадим Кушкарев, «Қазмырыш» ЖШС металлургиялық кешені экология қызметінің бастығы:

Бұл қалдықтарды біз қауіпсіз қылуға тырысамыз. Тотықтандырылғаннан кейін 2-ші деңгейліден 4-ші деңгейлі қауіпті затқа айналады. Яғни, тұрмыстық қалдық сияқты. Бірақ соған қарамастан оларды жер астына көму қажет.

Мансұр ЕСХОЖИН