Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО егін егудің қарқыны жақсы

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2015
  • 1465

Оңтүстік Қазақстан облысында егін егу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бүгінде 76 мың гектарға жоспарланған жаздық масақты дәнді дақылдардың 40 пайызы егіліп үлгерген. Биыл аймақта 806 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын егу жоспарланған.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 мың гектарға артық. Күнбағыс пен мақсары секілді майлы дақылдарды арттыру межеленді. Сондай-ақ мал азығына қажетті дақыл түрлеріне басымдық беріліп отыр.

Мақта алқаптарының аумағы қысқарып жатыр. Бұл ағын суды үнемдеп, әрі ауыспалы егіс жүйесін сақтауға сеп болады,- дейді ауыл шаруашылығы мамандары. Ауа-райы қолайлы болып тұрса, алдағы 4-5 күнде бидай мен арпаны егу  аяқталмақ.

Айта кетейік,биыл арзандатылған бағада шаруаларға 38 мың 700 тонна жанар-жағармай қаралды.

Амантай Әтенов,ОҚО ауыл шаруашылық басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

Одан бүгінгі күнге 13 мың тоннасы алынды. Яғни бөлінген көлемнің 34 пайызы алынып, тауар өндірушілерге таратылды. Қазір пайдаланып, егістерін егуде сол маймен. Бұл енді нарықтық бағасы бұл жанармайдың 89 теңге болатын болса, біз қазір мемлекет тарапынан жеңілдетіліп, әр литрі 73 теңгеден тауар өндірушілерге беріліп жатыр. Яғни нарықтағы бағадан 16 теңгеге арзан.

А. ТОРЕБЕККЫЗЫ