Русский Сайттың толық нұсқасы

Үндістан мұнай қорын жинауға кірісті

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2015
  • 1538

Үндістан мұнайдың стратегиялық қорын жинауға кірісті. Кей сарапшылардың пайымынша, бұл қара алтынның әлемдік нарықтағы бағасына әсер етуі мүмкін. Айта өтейік, Үндістан мұнай импорты көлемі бойынша  үшінші орында.

Бұрын соңды ел импортқа шығаратын өнімді сақтап, жинамаған. Сарапшылар бұл дұрыс қадам дейді. Өйткені таяу арада қара алтын бағасы күрт көтеріледі деген болжам бар. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Үндістанның мұнай өңдеуші мемлекеттік компаниялары Ирак пен Қытайдан да қосымша 2 миллион баррель мұнай сатып алса керек.

Ал, кей сарапшылардың пікірінше, Үндістан әзірге кіші масштабтағы ойыншы. Өзінің стартегиялық қорымен мұнай нарығына айтарлықтай  әсер ете қоймайды. Десе де, уақыт өте жағдай өзгеруі мүмкін.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА