Әлемнің ең кәрі
тұрғыны қайтыс болды. 118 жасар Мисао Окава Жапонияда өмір сүрген, - деп
хабарлайды «Санкей» газеті. Кейуана он тоғызыншы ғасырда - 1898 жылы 5 наурызда
Осака ауылы маңында дүниеге келген.
Ұзақ ғұмыр кешкен ол, өмірінде созылмалы
ауруларға шалдықпаған. Кейуананың өзі бұның себебін жапонның дәстүрлі тағамы – «сушиды»
көп жегендігімен түсіндірген. Айта
өтейік, 2003 жылы Окава әжей әлемдегі ең
ұзақ жасаған қарт ретінде Гиннесс рекордтары кітабында тіркелген-ді.
Енді бұл
рекорд АҚШ тұрғыны Гертруда Уиверге бұйырды. Бүгінде Гертруда әжей 116 жаста.
Ол Арканзас штатындағы қарттар үйінде тұрып жатыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА