Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке қандидат Әбілғазы Құсайынов Солтүстік Қазақстан облысында

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2015
  • 1596

Президенттікке қандидат Әбілғазы Құсайынов бүгін үгіт-насихат жұмысын Солтүстік Қазақстан облысында жалғастырды. Өңірдегі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Еліміздегі экологиялық проблемалар Әбілғазы Құсайыновтың назарында. Ауыр өндіріс салдарынан табиғатқа төнген қауіп туралы жаңа кандидаттың "жанайқайын" бүгін бескөлдіктер тыңдады. Ол "Табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін, барлық қауіпті өндірістік нысандарда техникалық құрылғыларды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз ету керек» деді. Президентікке кандидат мәселені шешу жолдарына да тоқталды.

Әбілғазы Құсайынов, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат:

Ірі өнеркәсіп объектілері өз қызметін техногенді апаттар тәуекелі болмайтындай етіп жүзеге асыруға міндетті. Мұндай апаттар әлемде көптеген адам өмірін әкетті және кейінгі ұрпақтың денсаулығына келеңсіз түрде әсер етті. Бұдан былай осындай қауіпті жарылыстар жол бермеу және, тұтас алғанда, адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға өндірістік зиянды барынша азайтудың маңызы зор.

Петропавлдағы «Солтүстік Қазақстан Энерго» акционерлік қоғамында өткен кездесуде кандидат сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген бастамаларынан бөлек, құрылыс салу барысында және өнеркәсіптік өндіріс барысында біздің бай табиғатымыз зардап шекпеуі қажеттігін ұғындырды.

Әбілғазы Құсайынов, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат:

Өнімдер мен процестердің қауіпсіздігі үшін кәсіпорындардың қызметін жүйелі қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет. Біздің бай табиғатымыз, біздің қайталанбас ландшафтымыз зардап шекпейтін етіп құрылыс жұмыстарын жүргізуге, өнеркәсіптік әзірлемелерді жасауға, кез келген шаруашылық қызметті жүргізуге қол жеткізу өте маңызды деп санаймын.

Жер шары - ортақ үйіміз. Оны ластамау - адами борышымыз. Сол борышты өскелең ұрпақ бойына сіңіру қажет деп сөзін сабақтады.

Рүстем Жоламан, ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың сайлауалды штабы жетекшісі:

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету - біздің бірінші кезектегі міндетіміз болуға тиіс. Өндірістік кәсіпорындар адамның қажеттілігіне ғана емес, табиғат игілігіне қызмет ету үшін де жұмыс істеуі қажет. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ