Ондағы ақшаны жұмсау адамдардың ашуын туғызса да, бәрібір жұмсалады. Оны айтасыз, жұрттың маңдай терімен тірнектеп тапқан ақшасын кім басқаратыны, қалай басқарылатыны соңғы екі жылда тіпті түсініксіз болып кетті. Ал дағдарыс басталғалы ондағы қаражат көздің құртына айналды. «Абайлап жұмсау» айтылды. Бірақ мүлдем «тимеңдер» деген жоқ. Себебі мемлекеттік кіріс жоқ – экономикада ақша жоқ, аз... Әрине, бірден түсіндіңіздер, әңгіме бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры туралы. Қордан банктерге қаржы алу мәселесі шешіліп қойғаны белгілі. Бірақ нақты қанша екенін ешкім айтар емес. Осы аптада үкіметте мүлікті заңдастыруға байланысты мәжіліс өткен, біздің арнаның тілшілері кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметовтен тағы сұрап көрді.
Абылай
Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма
төрағасы:
Я бы точно не хотел бы вдаваться, совещание было.
Сотни миллиардов или десятки?
Нет это, конечно, точно не десятки, потому что касается поддержки банковской
сферы,я думаю, что это от 100 миллиардов и выше точно.
Отандық бизнес несие тапшылығын айтып,
жылап отыр. Арзан әрі ұзын деп сипатталатын ақша. Қазіргі несие қысқа мерзімге
беріледі және қымбат. Оның үстіне Ұлттық банк жақында базалық мөлшерлемені 17
пайызға дейін көтерді. Яғни ұлттық валютаны қарызға алу қымбаттай түспек.
Ал қайта-қайта айтылатын
«заңдастырыңдар» деген пәрмен – мүлікті заңдастыруға келсек, бір таңғалатын
ақпарат бар: басында банкке салынған ақша бес жыл алынбай сақталады және
сол сомадан бюджетке 10 пайыз алым алынады делінген. Өткен жылдың соңында бұл шектеулер жойылды. Ақшасын тіркейді,
болды. Түк талап етілмейді. Тіпті бұған дейін 10 пайыз төлеп қойғандар қайтып
алады. «Қызық» та осы тұста: 10 пайызды төлеп қойғандар ақшасын қайтып алмай
жатыр. Қаржы министрінің оларға «жаны ашиды»:
Бақыт
Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
Республика бойынша барлығы 3 миллиардтан астам теңге жатыр. Көбі ести
қоймаған шығар. Мінберді пайдаланып, азаматтарды мемлекеттік кіріс органдарына
барып, бұған дейін төлеп қойған алымдарды қайтып алуға шақырамын.
Шектеулер алынған соңғы екі айда ақша мен мүлікті заңдастыру қарқыны күрт
өскен. Желтоқсан мен қаңтарда - 160 млрд теңге. Ол 15 айда заңдастырылған
дүниенің үштен бір бөлігі. Ал қаңтар
айының соңына дейін 607 млрд теңгенің дүние-мүлкі заңдастырылған.
Ел іші мен сырттағы мүліктерге мысал келтірсек – мысалы, Павлодар облысында
ауыл тұрғындары белсенді.Тіркелген мүліктің 73 пайызы солардың үлесінде.
Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:
В основном легализуемое имущество- Заңдастырылып жатқан мүліктің көбі
гараждар, қосымша салынған құрылыс, жаздық шәйлә, бір сөзбен айтқан күнделікті
тұрмысқа қажетті құрылыс.
Ал сырттағы мүлкін 39 отандасымыз
жария еткен. Қазір шет елдегі ақшаны елге жеткізіп әуре болмайды. Тек тіркейді.
Кейін қайда жұмсаса да өз еркі. Ал шет жерде тіркелген мүліктің 80 пайызы Араб
Әмірліктері,Испания, Венгриядағы зәулім үйлер көрінеді... Жалпы, Қаржы министрі
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, соңғы 9 жылда елден сыртқа 20 млрд доллар
шығарылған. «Бұл әрине нақты сан емес, алайда заңдастырудың масштабын саралауға
мүмкіндік береді» -дейді министр. Яғни шыққан ақшаның заңдастырылатынына
сенеді...
Мән беретін тағы бір ақпарат - Маңғыстау облысының әкімі 4-мұнай өңдеу зауытын салуға қытайлардан басқа ешкімнің қызықпай отырғанын айтты. Алик Айдарбаев потенциалды инвесторлармен келіссөздер жүргізген шығар, тек қытайлардың құлшынысын байқағасын, «тек қытай инвесторлары түсінеді және қолдайды» деп, идеяны жүзеге асыруға дайын жалғыз қытайлар екенін бір жағы «біреу де болса бар ғой» деп, екінші жағынан белгілі себеппен жабырқағандай айтты. Тоқталатыны – 4- мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі де түпкілікті шешілмеген. Біресе «салынады», біресе «салынбайды» деп, сиырқұйымшақтанған мәселе.
Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысының әкімі:
Қытайлар болашаққа қарайды. Олар Иранда, Парсы шығанағы елдерінде, Африкада істейді. Олар картинаны тұтасымен көреді. «Егер МӨЗ ескі технологиядан ада, қазіргі заманға сай болса, мұнай өнімдерін Иранға, одан әрі қарай сатамыз» дейді. Қазіргі төмен бағалар уақытында тауардың қосылған құнын арттыру үшін мұнай компанияларына да жаңа зауыт тығырықтан шығар бір жол болушы еді. Бірақ бұл мәселе бойынша ешкім қолдап отырған жоқ...
Қолдамай отырған инвесторлар ғана емес. Маңғыстау облысының әкімдігі былтыр
5-6 млрд долларға 5 жылда салынып, жылына 6 млн тонна мұнай өңдейтін зауыт
туралы мәлімдеген. Қазақстан-Қытай форумы аясында. Алайда Энергетика
министрлігі -жылына 10 млн тоннадан аз өнім өңдейтін зауыт салудың мағынасы
жоқ, рентабельді емес- деді.Сапасы жоғары бензин жайлы әңгіме жоқ, жанар-жағар
май нарығын толығымен қамтамасыз ете алмай отырғанымызды мысқылдаудан да
шаршадық...