Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандының «Сарыарқа» клубы жарыс жолынан шығып қалды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2015
  • 1320

Қарағандының  «Сарыарқа»  клубы чемиондық атағын қорғай алмады. Өткен жылы «Братина» кубогын ұтып алған қазақстандық ұжым биыл жартылай финалдан аса алмады. Бұл сында Кирилл Двуреченскийдің шәкірттері Нефтекамск қаласының  «Торос»  командасына жол берді.

Бұған дейін қатарынан үш кездесуде ұтылған
«Сарыарқа»  хоккейшілері Нефтекамск қаласында өткен шешуші ойында да айдын иелеріне 2-0 есебімен ұтылды. Қысқасы төрт кездесуде қатарынан есе жіберген қазақстандық клуб жарыс жолынан шығып қалды.

Самат ҚАНАҒАТОВ