Русский Сайттың толық нұсқасы

«Аш-Шабаб» содырларының шабуылынан қаза тапқандар саны 147 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2015
  • 1094

Кенияның Гарисса  қаласындағы университетіне «Аш-Шабаб» содырларының шабуылынан 147 адам қаза тапты.  «Бұл жайында елдегі» апаттар зардаптарын жою жөніндегі орталығы хабарлайды», - деп жазады Рейтерс.

Осы сағатта шабуыл жасаған төрт лаңкестің де көзі жойылды. Оқу орнындағы  құрықтау операциясы  аяқталған. Билік Сомали шекарасына жақын орналасқан 4 округта коменданттық уақыт енгізді.  Ол 16 сәуірге дейін, кешкі 18:30-дан таңғы 6:30-ға дейін күшінде болады.

Айта өтейік, Гариссадағы университетке кеше шабуыл жасалды. Лаңкестер студенттерді діни сенімдеріне қарай жіктеген. Мұсылмандарды сол жерде босатса, христиандарды кепілдікке алған.  Аль-Кайда радикалды тобына жақын
«Аш-Шабаб» ұйымы осылайша Кениядан кек алып жатқанын ескертті.

Еске салайық, Кения Сомали содырларына қарсы Африкалық Одақпен біріккен еді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА