Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысты

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2015
  • 1163

«Маңғыстау облысында автобус пен Камаз жүк көлігі соқтығысты. Екі адам зардап шекті»,- деп хабарлайды ҚазТАГ. Жол көлік оқиғасы, кеше Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында болған. Жол патрульді қызметінің дерігінше, автобус жүргізушісі ара қашықтықты сақтамаған.

Осының салдарынан алдында кетіп бара жатқа жүк көлігіне соғылған. Қоғамдық көліктің екі жолаушысы жарақат алыпты. Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Ал Алматы облысында жүргізілген «Автобус» алдын алу шарасы барысында, бірқатар заң бұзушылықтың беті ашылған.

Бұл жайында облыстың ІІД жазбаша ақпарат таратты. 3 күн ішінде 414 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 127-сі көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлессе, 83-і жолдағы қозғалысты сақтамағаны үшін жазаланып отыр.

Сондай-ақ, 48 автобустың техникалық тексеруден өту туралы құжаттары болмаған. Апаттық жағдайды жасау және жолаушылар көлігін мас күйінде жүргізу фактілері бойынша бірнеше материал сотқа жібіріліпті.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА