Ассалаумағалейкүм! Экс-әкімдер жылы орынтағынан түскесін нанын қалай тауып жейді?! Кейбіреулер ...құс бағып кетеді екен. Немесе әйелдерінің «арқасында» күнін көреді.
Қостанай облысының экс-әкімі нанын қалай тауып жеп жүргенін білесіз бе?! Қыркүйекте қызметінен кеткен Нұралы Сәдуақасовтан бірталай уақыт хабар-ошар болмады. Сөйтсек, экс-басшы ...құсқа «жем шашып» жүр екен. «Чип-чип шөжәләрім» дегендей. Жоқ, дәл солай әндетпейді, әрине. Шөже дегенде есіңе бірден осы ән түседі емес пе...
Дәл айтсақ, Сәдуақасов мырза әйелі Ирина Киселеваға тиесілі бройлер өсіретін «Жас қанат» құс фабрикасында кеңесші болып жүрген жайы бар. «Наш Қостанай» басылымынан экс-әкім емделіп жүргенін де жасырмаған. Экономика, ауылшаруашылығына қатысты кітаптарды да парақтап жатқан көрінеді. Естеріңізде болса, Қостанайдың бұрынғы басшысы қол астындағы әкімдері бірінен соң бірі жемқорлық қылмыстарымен ұсталған кезде қызметінен кеткен болатын. Аноним:
Сәдуақасовтың қазіргі әкімнен қай жері кем болды, оның кезінде қыста жол жақсы болатын.
Аноним:
Бизнестері әйелдерінде, әйелдерінің үйлерінде тұрады, көліктері де әйелдерінің атында, шетелге де әйелдерінің арқасында барады. Қыруар қаржы тұратын костюмдерін де әйелдері алып береді...
Аноним:
Байғұс-ай... жаным ашып кетті...
Студияда жүргізуші: Ал сіз
пікір білдіруден шаршамаңыз. «Өзге пікірге» сіздің пікіріңіз керек!