Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Спорт-ұлт денсаулығы» атты спорт қауымының форумы өтті

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2015
  • 957

Астанада«Спорт-ұлт денсаулығы» атты республикалық форумы өтті. Бас қосуда бірнеше маңызды мәселелер қарастырылды. Біріншіден, Алматы қаласында өтетін 28-ші дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық жоспары талқыланды.

Көпшілік алдында сөз сөйлеген премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев:«Құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қиындықтар жоқ емес, бар. Дегенмен, спорт нысандардың барлығы жоспарға сәйкес дер кезінде іске қосылады»,- деді.

Жиын барысында Бразилияда өтетін олимпиада ойындарына дайындық барысы талқыланды. Лондонда өткен ойындар нәтижесін ескере отырып, бұл жолы да 20 үздік мемлекеттің қатарынан көріну жоспары бекітілді.

Сонымен бірге форум барысында жуырда аяқталған қысқы универсиада аясында ел намысын асырған спортшыларды марапаттау салтанаты өтті.

Самат ҚАНАҒАТОВ