Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қыз жасауы»...

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2016
  • 11932

Қыз жасауы. «Жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген. Жігіт жағынан берілетін қалыңмалға шамалас келетін жасау, кейде оның мөлшерінен де асып кетуі мүмкін. Осы дәстүрге байланысты -бар адам берсін, жоқ адам шамасына қарай көрсін- дейді бір қауым. Сөйтетіні сөйтеді-ау, бірақ «ұят болады» «ел күледі» деген пыш-пыш әңгімеден қорқу мен «артынан бір көрпе де келмеді» деп күсталануды қайда қоямыз.  Несие алып той жасайтынымыз, несие алып жасау беретініміз ешқандай ақтауға келмейтін тірлік. Бұл менің субъективті пікірім. Мен дәстүрдің озығы да, тозығы да бар есептеймін. Әрине, сана трансформациясы бір сәтте болмайды. Айзада Төребекқызының  материалынан «Қыз жасауын» көріңіздер.

Жасауыма  өзіме керекті наборлар алып келді қонақ күтуге және шәйнектер, пиялайлар яғни қонақтар келген кезде қарсы  алып, оларға шәй беретіндей.  Алма салатын вазалар, дастархан алып келді.

Бұл Нұршаттың артынан жасауымен келген ыдыс-аяқтың бір бөлігі ғана.  Өткен жазда босаға аттап, келін атанған. Ол қазір  ата-ененің қолында тұрады. Қарашаңырақтағы келін.

Нұршат Зиябек,  келін:

Ата-анама  ешқандай мына зат ,немесе мына зат маған керек деп айтқан жоқпын.Яғни енем де айтқан жоқ, мен де айтқан жоқпын. Бірақ өздерінің  пейілдерімен маған керек заттардың бәрін алып келіп беруге тырысты. Яғни  шамалары келгенше. Соковыжымалканы  айтатын болсақ бұл 35 мыңға алынды.  Және артымнан келген шаңсорғыш САМСУНГ  маркасы шығарған- 30 мың. Және германдық набор-25 мыңға алынды. Ал мына шәйнек 6,5 мыңға алынды. 

Қыз ұзатып, ұзатпаған күнде дүкен аралап жүрген кез келген жан тауар бағасын жақсы біледі бүгінде. Қызымның қажетті заты деп қарайды әр ата-ана.

Нұршат Зиябек,  келін:

Мынау менің жатын бөлмем.  яғни мұндағы келіп жатқан дүниенің барлығын менің өзімнің бауырларым және ата-анам алып берген. жатын бөлмеме  тоқталатын болсам  мұнда шкаф, тумбасы және спальныйдың өзі  және айнасы мен шкаф болған болатын. бұның барлығын өзімнің ата-анам 300 мыңға алды. және теледидар келді, өзімнің артымнан. оны ағаларым алып берді. бұл теледидардың құны 80 мың. бұл жерде ешқандай мақтангершіліктің, я болмаса өзгеге қарағанда мен қымбатырақ апардым деген нәрсе болған жоқ.

Айтпақшы Оңтүстіктің жазылмаған бір заңы -тұрмысқа шыққан қыздың жасауын беруге  ағайын-туыс көмектеседі. Бұл, қыз берген үйге түсетін салмақты сәл де болса жеңілдетеді. Мына қабырға жиһазын жас келіннің нағашылары сыйға тартыпты. Тоңазытқыш пен кір жуғыш машина өз алдына. Міндетті түрде қосылады, бүгінде. Бірақ Нұршат түскен шаңырақта мұндай заттар бар болғандықтан  әзірге қоймада тұр .  Ата -ана қызына жасау беруді парызы санағандықтан  және келешекте қолданады деп ризашылығымен әкеліп отырған дүние-мүлкі болғандықтан бас тарта  алмадық,-дейді Нұршаттың енесі  .

Дария  Қалиасқар  Нұршаттың енесі:

Асып тасудың қажеті жоқ. Кемсітудің қажеті жоқ. сенің артыңнан мынша дүние келмеді, мынандай киім келмеді деген ондай әңгімеге мен мүлде қарсымын. 

Қыз жасауының негізгі бөлігі  – көрпе-төсек. Оңтүстікте кемінде алты жамылғы көрпе, алты көрпеше әзірлейді.Жастық саны да аз емес.Құрақ көрпеше, құрақ жастық дегендей жағдайы келгендер мұнан да көбейте береді.  Жайма,жапқыш  секілді ұсақ-түйегі тағы бар.

Сондықтан қыз жасауына міндетті түрде қосылатын бір дүние-сандық.

Оралдық кәсіпкер Біржан Қожақов ағаштан түйін түйетін шебер. Өзі басшылық ететін  жиһаз цехында  35 адам еңбек етеді. Арбаға таңылғанына қарамастан қыз жабдығын жасауды негізгі кәсібіне айналдырған. Оның шеберханасында  өзі секілді  бірнеше мүмкіндігі шектеулі жан несібесін айырып жүр. Сандық, бесіктен бөлек тұрмыста қолданылатын түрлі жиһаздар да жасалады.

Біржан Қожақов,  кәсіпкер:

Қазақи сандықтары  өтіп жатыр. Көпшілік жастар бір біріне ұқсағысы келмейді. Басқа жиһаздар алғысы келеді. Сондықтан біз көбіне европалық жиһаздарға қазақи орнаменттерді салып отырмыз. Шкафқа да, кухонный гарнитур, прихожыйларға да. Өте әдемі болып шығады.

Дыбыстық қыстырма

Мынау менің сол кездегі қолменен тігілген тұскиіз. Бұны тұскиіз деп атайды. Ол кезде кілем көп емес.

Манат апа үшін бұл тұскиіздің орны бөлек. Анасы осыдан елу жыл бұрын өз қолымен әзірлеп, жасауына қосқан дүниені  көзінің қарашығындай сақтап келеді ардақты ана. Ата-анасының ризалығышымен ұзатылған қызына әкесі сегіз қанат отауын қоса  сыйлапты сол кезде. Мен үшін одан асқан үлкен сыйлық жоқ дейді Манат апа. Бүгінде үш келін түсіріп, бес қыз ұзатқан. Қал-қадірінше жасауын беріпті. Тек ысырапшылық жасамауға тырыстым дейді Батыр ана.

Манат Дүйсенбиева,  Батыр ана:

Еңбек етсе  бәрі болады.Дайын үйге барып, топырлатып дүниені беріп, соның қадір-қасиетіне жете алмайтын қыздар да көп.Мен солай ойлаймын. Өйткені ол өзінің адал еңбегімен, өзінің бейнетімен  келмеген дүниенің онша қызығы болмайтын сияқты.

Еңбекпен тапқан нанның дәмі тәтті екенін жас отбасы Дәурен мен Шолпан ұғына бастаған. Бір жарым жыл бұрын шаңырақ көтерген екі жас, енші алып шыққан. Жасауға берілген дүние-мүліктің  пайдасы көп екенін айтады. Десе де әлі қолданылмай тұрған бірқатар тұрмыстық бұйымдар бар екенін жасырмайды.  Ал ата-анасы артынан әкелген киімі бар, жасау-жабдық, ыдыс-аяғы - түгел  есептеп көрсе, шамамен  2 млн теңге қаржы жұмсалыпты дейді өзі. 

Шолпан Дүйсенбаева  Шымкент қаласының тұрғыны:

- 2 миллиондай кетті шамасы.

-Оған не алынды?

– Мысалыға ең керекті заттар, біріншіден  жатын бөлме гарнитуры, тоңазытқыш, газ, теледидар ,сондай сондай заттар.Ыдыс –аяқ, жалпы үйге керекті заттардың барлығы қыздың артынан келеді ғой негізі.

-Сен қалай ойлайсың сол заттың бәрі қажет болды ма ,қажет еместері де болды ма соның ішінде мысалыға?

-Менің ойымша қажет еместері де болды. Кілем келді менің артымнан. Ол кілемдер көбісі қолданылған жоқ. Қазір кілемдер қабырғада ілініп тұрмайды бұрынғыдай. Сол сияқты киімдер де сондай. Қалып қойған киімдерім бар киілмей. Үлкен шығын деп ойлаймын бұның өзі.

Жас отбасы асүйдегі мына жиһазды бөлек отау болып шыққасын өздері жасатыпты. Бірігіп тапқан ақшаға. Сондықтан біз үшін орны бөлек деп санайды.

Дәурен Мыңбай, Шымкент қаласының тұрғыны:

Телевизордың астына қоятын подставка, кір жуатын машина бірге алдық. Білмейм, ол енді екеуміз жинап алғаннан кейін  семью болғанымыздың басы болғаннан кейін, ақша жинап екеуміз бірге алғаннан кейін өзімізге ыстық болып көрінеді қашанда.

Павлодарлық  Балапаш Садығазина қыздың жасауына көп мән беретіндердердің бірі. Төрт келін түсіріп, төрт қыз берген ана қыздарының жасауына тігін машинасын міндетті түрде қосыпты. 44 жылдан бері жанына серік еткен мына іс тігу құралы-анасының көзі. Отбасылық өмірде тігін машинасы  көп көмегін тигізіпті. Тіпті, қиын-қыстау кезеңде, тоқырау жылдарында кәдімгі асыраушым да болған деп отыр. Құрақ көрпе тігіп, шәй-суымды айырған кездер де болды деп еске алады. «Алтын алқа» иегері бүгінгілердікі асыра сілтеушілік деп біледі.  

Балапаш Сайдығазина, Батыр ана:

Жалпы үйге қажетті нәрсесін бергеннен кейін оған телевизор, холодильник, микраволновка ондай артық заттарды беріп қажеті жоқ. Оған біреудің халі келді, біреудікі келмейді. Көпбалалы аналар темболее бере алмайтын шығар. Ал енді айналдырған бір екі баласы барлар береді, көзімнің ағы мен қарасы деп мәшиненің де кілтін береді.Үйге дейін беріп жатады. Енді біз оған қараймыз ба. Беретіндер бере берсін. Қазір енді дәстүрдің озығы бар тозығы бар дейді ғой.

Дәл жасау жайы бойжетіп отырған Қызжібекті де бей-жай қалдырмайды. 21 жастағы бойжеткеннің өз түйгені бар. 

Қызжібек Мүсірепхан:

Барған жерімізде қалай болады екен, артымыздан келген дүниені сынай ма екен деген ой туады кейде. Осы былай қарап отырсақ 2-3 тіпті 4 млн-дай кетіп қалады жасауға.  Мысалы ол үй қызын беріп отыр, қызына қосып сонша дүние беріп отыр.  Негізі қыз берген жақ кішкене ұтылып бара жатқандай. Сонша қалыңмал келмейді ғой. 2 мың доллармен 2 млн теңгені салыстыра алмайсыз деген сияқты. Мен егер болашақта  жасау жасайтын, тұрмысқа шығып ұзатылып жатсам  өзіме керекті ғана дүниелерді алатын едім.

Манат Дүйсенбиева, Батыр ана:

Осындай жағдайлар  кейінгі жастарымызға кесапатын тигізіп жатыр.Үйленген  жастар бірін бірі сүйіп қосылған жастардың арасына  іріткі  салуы мүмкін. Сондықтан қандай ата-ана болмасын баласының бақытты болғанын , олардың  үрім бұтақ өсіріп, жақсы отан болып тіршілік істеуіне  көмектесіп, тіпті артық кетіп бара жатса  екі жақ бірігіп тойын жасап, екі жақ бірігіп,өйткені  ананың да баласы, ананың қызы, ешқандай ерсілігі жоқ деп есептеймін.Екі жақ бірігіп солардың үй болып отан болып кетуіне жәрдем етсе болғаны деймін.

Айзада Төребекқызы, Серік Талас «Біздің уақыт».

Әрине, әркім өзінің басымен өмір сүреді. Бірақ «жұрттың не дейтініне» тәуелді,   жұғымсыз тамақ жеп жүрсе де, қарызға қымбат телефон алатын, той жасайтын, қыз жасауын беретін, соңынан қарызын төлей алмай, төлесе де аһылап-үһілеп, «нервісі қайнап», бар өшін балаларын алатын «сана» сана емес, «ғана» сияқты...

«Біздің уақытты» «astanatv.kz» сайтынан көріп, оқи аласыздар. Келесі сенбіде жүздескенше!