Оралдан 70 шақырымдай қашықтықта жолаушылар автобусы аударылып,
төрт адам опат болды. Қайғылы оқиға бүгін таңға жуық, Ақтөбе-Орал тас жолында
Алғабас ауылы маңында орын алған.
Батыс Қазақстан облыстық Lенсаулық сақтау басқармасының өкілдері, бұл оқыс оқиғаны растады. Басқарманың баспасөз
хатшысы Флюра Саматованың хабарлауынша, тағы екі жолаушы ауыр күйде ауруханаға
жеткізілген.
Олардан өзге тағы бірнеше адам түрлі деңгейде жарақат алды. Алдын
ала мәліметтерге сай, оқыс оқиға кезінде автобус ішінде 65 жолаушы болған. «Олардың барлығы да
Өзбекстанның азаматтары», - деді басқарманың баспасөз хатшысы.
Флюра Саматова, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Оқиға орнына 5 жедел жәрдем көлігі және 5 реаномобиль
жеткізілді. Реаниматолог, хирург дәрігерлер, фельдшерлер жұмыс жасауда.
Алдын ала мәлімет бойынша, 23 адам қазіргі таңда облыстық клиникалық ауруханаға
жеткізілуде. Оның екеуі өте ауыр халде, тағы төрт адам өлген.
Еркін КАРИН