Русский Сайттың толық нұсқасы

Йеменнен тағы бiр Қазақстан азаматшасы Ресейге жеткiзiлді

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2015
  • 1178

Йеменнен тағы бiр Қазақстан азаматшасы Ресейге жеткiзiлдi. Бұл жөнінде Сыртқы iстер министрлiгiнiң баспасөз қызметi хабарлады. «Бүгiн Астана уақытымен сағат 13 шамасында Қазақстан азаматшасы Гүлмира Саханова Йеменнен Ресейге жеткiзiлді. Қазақстанның осы елдегі консулы оның келуiн күтуде. Йемендегi бiздiң азаматтарымыздан басқа өтiнiштер жоқ», - делiнген хабарламада.

Мұның алдында сенбi күнi Йеменнен Қазақстанның бес азаматы шығарылғанын хабарлаған едік. Арасында екі бүлдіршін болған. Олар - Оспанов Дастан, оның зайыбы мен баласы, Ақжанова Ильмира және оның сәбиі.

Айта кетейік, соңғы апталарда Йеменде қақтығыстар өршіп кетті. Рейтерстің хабарлауынша, «наразы топтар ел астанасы Сана және Аден қалаларын басып алған соң, үкімет те қарап қалмаған». Бас көтерген хоуситтер президент резиденциясын тонап, мемлекет басшысы Мансур Хадидің басы үшін 100 мың доллар сыйақы тағайындаған.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА