Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы жарты жылда қазба байлықты экспорттаудың жаңа бағыттары ашылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2015
  • 906

Қазақстан көмірін Жапонияға экспорттауға жол ашылды. Оған теміржол арқылы тасымалдау құнының арзандауы әсер еткен.

1 қаңтардан бастап теміржол тарифі Ресейдің ішкі тасымал бағасымен теңескен. Рубльдің құлдырауынан теріскейге тау-кен өнімдерін сату көлемі кемігенімен, тасымалдың арзандауы басқа да экспорттық бағыттарды ашып отыр. Бұл туралы «Тау-кен және металлургиялық кәсіпорындар» қауымдастығының директоры мәлімдеді. 

Николай Родостовец, «Тау-кен және металлургиялық кәсіпорындар» республикалық қауымдастығының атқарушы директоры:

Уголь стало возможно возить в Японию. Жизнь всегда богаче тех выводов, которые мы можем прочитать в прессе.
 
Қазақстан қазба байлықты негізінен Қытай мен Еуропа елдеріне сатады. Родостовецтің айтуынша, алдағы жарты жылдықта тау-кен, металлургия өнімдерін Таяу шығысқа жөнелту мәселесі қарастырылып жатыр. Оның ішінде Иран және Араб әмірліктері нарығына өту көзделген. Мәселен «Арселор Миттал Теміртау» Иранмен келіссөз жасасуға ниетті. Ал Қытаймен арада ұзақ мерзімді келісімшарт болғанымен, экспорт көлемі көңіл көншітпейді,- дейді қауымдастық директоры.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ