Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболдан Голландия чемпионатының 29-шы тур ойындары болып өтті

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2015
  • 1454

Футболдан Голландия чемпионатының 29-шы тур ойындары болып өтті. Бұл сында «Алкмаар» командасына қонаққа барған «Фейенорд» клубы ірі есеппен жеңіске жетті. Ойындағы алғашқы голды Фред Рютеннің шәкірттері кездесу басында соқты. Алаң иелері қорғаушы Деррик Люккасен өрескел қателік жіберіп, допты өз қақпасына соғып алды. Шабыттанған «Фейенорд» футболшылары үзіліске дейін «Алкмаар» командасының қақпасына тағы жауапсыз екі гол соқты. Алдымен, Анас Ахабар мергендігімен көзге түссе, келесі сәтте баспен тура соққы жасаған Элвис Ману командаластарының қошеметіне бөленді.

Үш голмен шектеліп қалмаған қонақтар үзілістен кейін есепті ұлғайтты. Әріптесінің соққысын қақпашы қайтарғанымен, дер кезінде өз орнынан табылған Ману дубльдің авторы атанды. Кездесу соңында «Фейенорд» қақпашысы қорғаушы Свен ван Бектің пасын қақпасына жіберіп алды. Бұл жетістігінен кейін Фред Рютеннің шәкірттері 57 ұпай жинап, екінші сатыда орналасқан «Аякс» клубына тағы бір табан жақындады. Өз кезегінде «Аякс» клубы бұл турда ұпай бөлісті. «Утрехт» командасына қонаққа барған Франк де Бурдің шәкірттері 1-1 есебімен тең түсті.

Бірінші кезеңде есеп ашылмағанына қарамастан, үзілістен кейін сәтті шабуыл ұйымдастырған қонақтар есеп ашты. Голдың авторы - Рамон Леувин. Қарымта шабуылға шыққан алаң иелері кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда таразы басын теңестірді. Бұл сәтте Геверо Маркит командасын жеңілістен аман алып қалды. 

Самат ҚАНАҒАТОВ