Русский Сайттың толық нұсқасы

Кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды тұғырнамасын шымкенттік интеллигенция жоғары бағалады

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2015
  • 1526

Қазақстан Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды тұғырнамасының негізі - 5 институционалды реформа жайы Шымкентте жан-жақты талқыланды. Кандидаттың республикалық қоғамдық штабы Шымкент қаласының кәсіпкерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, сайлаушыларды үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Шымкент - еліміздің ірі экономикалық, өнеркәсіп орталығы. Жер көлемі, халық саны бойынша Қазақстандағы алдыңғы саптағы шаһар әлеуетін мемлекет жоғары бағалайды. Түсті металлургия, мұнай, химия және азық-түлік өнеркәсіптерінің басым бөлігінің оңтүстікте шоғырлануы соның дәлелі. Облыстың мүмкіндіктерін бағамдай білген ел басшылығы, алдағы 5 жылға өңірді дамытуға 730 млрд теңге қаражат қарастырған.

Бекжан Айтқұлов,  «Оңтүстік» индустриалды аймағы экономисі:

Біздің кәсіпорын Елбасының көмегін ерекше сезінеді. Кәсіпорнымызбен бірге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа дауыс береміз.

Облыстың инвестициялық климаты да жағымды. Бұл өңірде мемлекеттің жұмсаған 1 теңгесіне 18 теңге инвестициялық қаражат тартылады. Алдағы уақытта еліміз бұл көрсеткішті жақсарта түсуге ниетті. Ол үшін Шымкентте арнайы инвестициялық аймақ салынуда. Ал жалпы құны 74 млрд теңгелік 60-тан астам жоба құрылысы басталып та кетті.

Мадияр Маралов,  «Оңтүстік» индустриалды аймағы қызметкері:

Біздің индустириалды аймақ біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы болып табылады. Индустриалды аймақтың арқасында қаншама адамдар жұмыспен қамтылып жатыр. Отбасылардың әлеуметтік жағдайы жақсарып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы күннен-күнге артып келе жатыр. Осы істеріне рахмет айтамыз президентімізге.

Мемлекеттің тамырын тереңнен тартқан көне қалаға берген тың серпінін жаңадан ашылған "Сити Орталыққа" қарап байқауға болады. Шағын аудандағы заманауи бизнес орталықтар, зияткерлік мектеп пен жаңа драма театры жергілікті зиялы қауым өкілдерінің көңілінен шықты.

Оңалбай Аяшев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры:

Шымкент қаласы соңғы 10 жылда ел танымайтындай, адам танымайтындай өзгерді, құлпырды. Осының барлығын біз Елбасының қамқорлығы деп білеміз.

Қоғамдық штабтың жұмысына қолдау білдіру үшін, әлемді әсем үнімен таңқалдырған отандық опера әншісі де арнайы келді. Нұржамал Үсенбаева президенттікке кандидат Назарбаевқа деген қолдауын музыка тілімен жеткізді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ