Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Президенті мен Куба көшбасшысы екі ел қарым-қатынасының болашағын талқылады

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2015
  • 1189

АҚШ Президенті Барак Обама мен Куба көшбасшысы Рауль Кастро екі ел қарым-қатынасының болашағын талқылады. Олар Панамада өткен Америкалар саммитінде бірі-біріне жылы шырай сәлемдесіп, қол алысты. Америкалық ақпарат құралдары өзара қарым-қатынасы жақсарып, достығы арта түскен қос ел басшыларының кездесуін тарихи оқиға деп сипаттады. Панама астанасына қос құрлықтан 35 мемлекеттің басшысы жиналды. Саммитке Куба жетекшісі тұңғыш рет қатысып отыр.

Еске салайық, жыл басынан бері Құрама штаттар Кубаға қатысты санкцияларды біршама жеңілдетті. Сондай-ақ, АҚШ азаматтары «бостандық аралына» үкіметтің арнайы рұқсатынсыз баруға мүмкіндік алды. Бұған қоса екі ел арасында сауда-саттық байланысы қайта орнамақ. Бұл өзгеріске, әсіресе экономикалық ахуалы әбден әлсіреген кубалықтар айрықша қуанды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА