Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина Лимада өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль алды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2015
  • 1260

Қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина Перу астанасы Лимада өтіп жатқан әлем чемпионатында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медаль алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз екі жаттығудың қорытындысы бойынша 243 келіні бағындырған. Бұл Перудегі әлем чемпионатында қазақстандықтар иеленіп отырған екінші алтын медаль.

Еске салсақ, осыған дейін 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Игорь Сон чемпион болған еді. Ал 85 келіге дейінгі салмақ бойынша Шыңғыс Сағындықов пен 58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айгерім Ауылбек күміс медальді иеленген болатын.

Самат ҚАНАҒАТОВ