Биыл
77 млн тоннаға дейін төмендеген мұнай өндірісі көлемі Қашаған кенішін іске қосу
есебінен толтырылады. Ақордада президентке есеп берген Энергетика министрі
Владимир Школьник осылай деп сендірді. Ведомство басшысы мұнай-газ секторындағы
және электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал мен
министрліктің басқа да бағыттағы жұмыстары туралы есеп берді.
Сондай-ақ көмірсутек шикізаты
бағасының төмендігіне байланысты туындаған дағдарысты еңсеру жөнінде министрлік
пен Үкімет қабылдап жатқан шараларды егжей-тегжейлі баяндады. Ал мемлекет
басшысы энергетика саласындағы барлық перспективалы жобаларды, соның ішінде
Қашаған кенішін іске қосу, Теңіз кенішін кеңейту, Қарашығанақ кенішін
кеңейтудің екінші кезеңі сияқты жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне назар
аударды.
Владимир
Школьник, ҚР Энергетика министрі:
Мұнай
бағасының төмендеуі компанияларды
бюджетін қайта қарауға, өнімнің өзіндік
құнын азайтумен айналысуға мәжбүрледі. Әлемнің өзге елдеріндегі сияқты бізде де
үнемдеу режімі енгізілді, бірақ мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды қысқартуға
жол берілген жоқ.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА