Русский Сайттың толық нұсқасы

В.Божко: Нұра өзені бойындағы елді мекендердің көпшілігі суға кетуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2015
  • 3012

Еліміздің Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің 17 ауданында 50 елді мекенді су басты. Төтенше жағдайдайлар комитетінің төрағасы Владимир Божко бүгін Астанада өткен брифингтке, бұндай жағдай бұрын-соңды болмаған деп мәлімдеді.

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер вице-министрі:

12 сәуірден бастап Нұра өзеніне Шерубай-Нұра және Самарқанд су қоймалырынан секундына 2300 текше метр су құйылуы жағдайды ушықтырып жіберді. Бұл тәулігіне 200 млн текше метр су. Ал Нұра арнасы қалыпты жағдайда секундына тек 600 текше метр су жіберуге қауқарлы. Оған жан-жақтан қосылатын қар суын ескерсек, көптеген елді мекендер су астында қалғалы тұр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ