Русский Сайттың толық нұсқасы

Бортта ұйықтап қалған жүкші кесірінен Alaska Airlines ұшағы Сиэтлге кері қайтты

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2015
  • 1225

Америкалық Alaska Airlines әуе компаниясының жолаушылар тасымалдайтын ұшағы, жүк бөлігінде шыққан шуға байланысты, Сиэтл әуежайына шұғыл кері қайтуға мәжбүр болды. Компания қызметкерлерінің түсіндірмесі бойынша ұшақтың жүк бөлігінде жүк тиеуші уақытылы шыға алмай, қамалып қалған. Жұмысшының әуе кемесі қонған кезде өз бетімен сыртқа шыққанына қарағанда, ол ешқандай жарақат алмаған. Қазір ол дәрігерлердің тексерісінен өтуде. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, жүк тиеуші ұшақ ішінде ұйықтап қалса керек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ