Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананың маңындағы Күлшін ауылы су астында қалды

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2015
  • 1802

Астанадан 47 шақырым жерде орналасқан Күлшін ауылы су астында қалды. Арнамызға хабарласқан тұрғындар, үйлерінен аттап баса алмай отырғандарын айтады. Куәгерлер сөзіне сүйенсек, ауылдағы 100 шақты үйге су астында қалу қаупі төнген. Су Дамса өзенінің бөгеті ашылғалы келіп жатыр - дейді, бізбен хабарласқан ауыл тұрғындары. Азық-түлік дүкендері босап қалды, ал ауылдан шығар жол жоқ, - дейді жергілікті тұрғындар.

Бейбіт Жабагин - Күлшін ауылының тұрғыны:

Ауылда 100 шақты үй бар, оның 20-су суда тұр. Дамсаның суын ашқан кезде қалған 100 үй суға қалады. Сол дамбаның суы бізге келіп жолды жуады. Жолды, көшені, жол жоқ ауылдан шыға алмаймыз, продукты жоқ. Біз тек Шортандыға айтамыз, ешкім келмейді, ешкім қарамайды. Жол жоқ деп келмейді біздің жаққа ешкім.

Айгүл ӘДЕПБАЙ