Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қоғамдық қабылдау» жұмысын қарқынды жалғастыра бермек

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2016
  • 2224

«Нұр Отан» партиясының «Қоғамдық қабылдау бөлмелері» жұмысын қарқынды жалғастыра бермек. Азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдардың ішінде шешімін тапқаны аз емес. Өткен жылы еліміз бойынша түрлі мәселелермен 89 мыңнан астам азамат «Қоғамдық қабылдауға» келген. Партияның араласуынан соң әрбір бесінші тұрғынның мәселесі оң шешімін тапқан. 22 мыңнан астам адам түрлі деңгейдегі министрлерден бастап, облыс, қала әкімдерінің жеке қабылдауында болды.

Бүгінде Қазақстан бойынша 241 қоғамдық қабылдау бөлмелері  үзіліссіз жұмыс атқаруда. Республикалық орталық әр өңірдегі бөлмелердің жұмысын онлайн режімде бақылап отырады. Сараптаудың нәтижесінде, халықтың көңілінен шығатын қызмет көрсетудің жаңа түрлері енгізіліп отыр.

Құттыбек Әселбек, Астана қаласының тұрғыны:

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімшесіне бүгін келген себебім баспана туралы болды. Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы тез арада үй алуға болатындығын естіп, бөлімшеге келдім, маған түсіндірді. Сұрақтарыма жауап алдым деп ойлаймын.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары:

Біз қоғамдық қабылдау бөлмелерінде сондай қабылдау өткіземіз. Біріншіден, мемлекеттік мекемелердің басшылары, екіншіден, Мәжіліс депутаттары біздің партия фракциясының мүшелері, үшіншіден, әрбір келген адамға заңгерлер, кәсіби заңгерлер өзінің кеңестерін береді. Оның үстіне осы біздің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде банк омбудсменінің кеңесшісі бар. Ол да ипотека және неисе туралы кеңес береді.

Берік ХАСЕНОВ