Фаст-фуд құрамында ағзаға қауіпті химиялық қоспалар бар екенін ғалымдар дәлелдеді. Қазақстан президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінде өткізген кездесуде осыған тоқталды. Ол түрлі дәмдеуіштер мен консерванттар тез тамақтану орындарын жиі жағалайтындардың ағзасын улап жатыр деп алаңдайды.
Фаст-фудтың зияны туралы қанша айтылғанмен, оны тұтынатындар азаяр емес.
Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықовтың пайымдауынша, бұл - жарнаманың
кесірі. Бүгінде артық салмақ батыс елдеріндегі басты проблемаға айналған.
Мысалы, америкалықтардың 60 пайызын май басқан, - дейді Қазақстанның коммунистік
халық партиясы орталық комитетінің хатшысы. Оның ойынша, дәрігерлер мұның
себебін тез тағамнан көреді.
Тұрғын Сыздықов, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат:
Тез дайындалатын тағамдардың құрамында көптеген консерванттар,
бояулар мен қоспалар бар. Мұны ғалымдар баяғыда дәлелдеген. Мысалы,
гамбургердің құрамында рак аураларын тудыратын, зиянды заттар жеткілікті.
Бірақ адамдар соған қарамастан, фаст-фудты сатып алады. Фаст-фуд адамдардың
организмін біртіндеп улап жатыр.
Үміткердің сайлауалды бағдарламасында қамтылған тағы бір мәселе - батыстың
медиа өнімдері. Қатыгездікті насихаттайтын мульфильмдер мен компьютерлік
ойындардан бойды аулақ салған абзал, - дейді Сыздықов. Қазіргі таңда жергілікті
штаб өкілдері кандидаттың үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізіп жатыр.
Ниязбек Есенәлиев, ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың БҚО сенімді
өкілі:
Біздің штабта 5 сенімді тұлға
және 20 жуық облыстық комитеттің өкілдері жұмыс атқаруда, соның ішінде үгіт-насихат жұмыстары, насихатқа байланысты баспа өнімдерін тарату, кездесулерді
ұйымдастыру, тұрғындардың пәтерлерін аралау жұмыстары бар.
Кездесу соңында президенттікке
кандидат Тұрғын Сыздықов студенттер және оқытушылардың сұрақтарына жауап беріп,
өзінің алдағы сайлауалды жұмыс жоспарымен бөлісті.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ