Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан коммунистік халық партиясының партиялық
тізімін тіркеп, кандидаттарға куәліктер тапсырды. Коммунистер атынан Парламент
Мәжілісінің депутаттығына 22 адам кандидат ретінде тіркелді. Барлық
үміткерлердің Ата заң мен «Сайлау туралы заң» талаптарына сәйкестігі
тексерілді.
Бақыт
Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:
Кандидаттардың
және олардың жұбайларының табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы
салық органынан анықтамасы бар. Ал сайлау жарнасына келсек, Қазақстан коммунистік халық партиясы төлеуден босатылады. Себебі 2012 жылы өткен сайлауда
олар жиынаған дауыс 7 пайыздан жоғары болды.
Тұрғын
Сыздықов, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы:
Бәрін
тексеріп, бәрі куәліктерін алды. Енді жолымыз ашық. Ал енді жол туралы айтсақ,
біз сол марксизм-ленинизм идеологиясына берікпіз.
Коммунистердің тізіміне Мәжілістің бесінші шақырылымында депутат
болған алты азамат қайта енді. Сөйтіп, бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясында
127 үміткерімен «Нұр Отан» партиясы, 35 кандидатымен «Ақ Жол» және 19 адамымен
«Ауыл» партиялары тіркеуден өтті. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының
қарауында 23 адамды ұсынған «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» мен 8
кандидатын шығарған «Бірлік» партиясының тізімі жатыр.
Айгүл ӘДЕПБАЙ