Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран Сыртқы істер министрі Йемендегі жағдайды реттеу бойынша бейбіт жоспарын жариялады

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2015
  • 891

Иран Сыртқы істер министрі Джавад Зариф Йемендегі жағдайды реттеу бойынша бейбіт жоспарын жариялады. Бұл туралы «Рейтерс» хабарлады. Иранның ұсынысы төрт тармақтан тұрады. Олар: Оқ атуды тоқтату, гуманитарлық көмек, тараптар арасындағы диалог және ұлттық бірлік үкіметін қалыптастыру. Бұдан басқа, Джавад Зариф елдегі әскери операцияларды доғаруға шақырды. Бұл ұсыныс Эр-Рияд пен өзге де мемлекеттердің наразылығын тудыруы ықтимал. Олар «Иран хоуситтерді қару-жарақпен қамтамасыз етіп, әрі Йеменнің ішкі ісіне араласып отыр»,-деп санайды.

Ал Ислам мемлекеті керісінше бұл ұстаныммен келіспейді. Айта кетейік, 13 сәуірде ирандықтар Йеменде жаңа үкімет құруды ұсынған. Ал наурыздың аяғында Йемен  Араб мемлекеттерімен бірлесіп, хоуситтерге қарсы шабуыл бастады.

Джавад Зариф, Иран Сыртқы істер министрі:

Мәселені йемендіктердің өздері шешуі керек. Иран мен Сауд Арабиясы келіссөздер жүргізуі тиіс. Басқа Араб мемлекеттері Йеменнің ішкі мәселесін шеше алмайды. Оқ атуды тоқтату қажет. Қантөгіс ешкімге көмектеспейді, тек инфрақұрылымды жойып, қарапайым халықтың жағдайын нашарлатуда.

Жұрағат БАМАН