Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда көп қабатты тұрғын үй отқа оранды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2015
  • 1066

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртенді. Екі жүзге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылған. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі хабарлады.  Оқыс оқиға кеше кешкісін Көк базар маңында болған. «101» нөмеріне өрт туралы хабар, сағат 20 сағат 06 минутта келіп түскен. Тілсіз жау сағат 21 сағат 24 минуттарда ауыздықталып, кешкі он шамасында толығымен сөндірілген. Қызыл жалынды сөндіруге 12 негізгі және 10 арнайы техника мен жеке құрамның 90 адамы жұмылдырылыпты. Өрт аумағы 1000 шаршы метр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

Нұрбек Қожахмет - Алматы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы:

Шатыр ғана жанған. Ол шатырдың негізгі құрылымы мына тегіс бетон. Тек шатыр ғана жанған. Басқа ешқандай Зардаптар болған жоқ. Пәтерлерге зардап болған жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

Берік ХАСЕНОВ