Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың таңғы ас мәзірі қандай?

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2015
  • 2285

Президенттің таңғы ас мәзірі қандай? Бүгін елордада «Астананың ақ дастарханы» атты жаңа кітаптың танытымы өтті. Онда Ақорда аспаздары біраз құпиямен бөліскен. Айтуларынша, шетелдік аса мәртебелі меймандардың өздері президент сарайы аспаздарынан кей тағамның рецептін де сұрайтын көрінеді. Мөлдір Бақыт-қызы баяндайды.

Ресми кездесулердің бейресми тұсына ақордалықтар ерекше дайындалады. Оның қыр-сыры мына кітапта кеңінен баяндалған. Иә, дастархан басында  саясаткелер шешіліп, қарым-қатынасты бекіте түседі. Бір дастарханнан дәм татып, табақтас болудың мән-маңызы зор. Мәртебелі меймандардың ас мәзірі алдын ала тапсырыс бойынша әзірленеді. 

Артем Қанцев, ҚР Президентінің іс басқармасы, «Қараөткел» РМК директорының орынбасары:

По прибытию зарубежных гостей приходит предпочтение через МИД, в которых все прописано, что мы можем, а что нам нельзя.

Кеше ғана "Тоталь" президентін қонақ қылып, бірер күнде Түркия басшысын күтетін Ақорда аспаздарының жұмысы тым қауырт. Еліміздің бас асханасында 7 жыл бас аспаз болған Артем Канцев Шучьедегі техникумды тәмамдаған. Президент асханасында көктен түскен ешкім жоқ. Бәрі - еліміздегі колледж түлектері. Әлбетте, өз ісінің үздіктері іріктелген, - дейді. Содан болса керек, бірде Ақордада жайылған дастархан басында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин отқа пісірілген алмаға ерекше дәм беріп тұрған қоспаның құпиясын сұрапты. Аспаздар ол ваниль екенін айтқан соң, Қытай басшысы өзімен бірге 30 пакет ваниль ала кеткен. Қазақы қуырдақтан ауыз тиген Дмитрий Медведевтің үстеме беруді сұрағанын, Путиннің палауды мақтағанын - кулинар-мамандар кәсіби жеңісіміз деп санайды.

Нұрбол Қаржауов, «Қараөткел» РМК ұйымдастыру, бақылау және кадр бөлімінің бастығы: 

Бұл кітапта тек қана аспаздық өнер ғана емес, аспаздық философияның саясатпен сабақтасу жағы да көрсетілген. Және тек өзіміздің аспаздардың өнерлері ғана емес, әлемдік майталмандардың өнері жан-жақты ашылып, көрсетіледі. 

Ал президенттің сергек жүруінің сыры неде? Нұрсұлтан Назарбаев ас таңдауда ұлттық тағамдарға басымдық береді. Ақордада тартылатын жылқы еті Көкшетауда бордақыланған малдан. Сондай-ақ, Президент кеспе көжені ұнатады дейді. Ал күнделікті таңғы ас мәзірі мынадай: ботқа, сүзбе, ірімшік және жаңғақтар. Әлбетте, шай. Президенттің ас мәзірінде фуа-гра не өзге де жеңсік ас түрлері атымен жоқ, - дейді аспаздар. 

Мөлдір Бақыт-Қызы, тілші:

Ақорданың ас мәзірінде ұлттық тағамдардың болуы - бұлжымас ереже. Мысалы, жент немесе қоспа дейміз, талқаннан жасалған тағам сыйлы қонақтарға мынадай ерекше түрде тартылады. Шоколад құйылған қалпында. Ал қайнатылған сары ірімшік кәдімгі ауыл рецептімен әзірленеді екен.

Бұған дейін құпия болып келген қызық деректерге толы кітап жақында сатылымыға шығады. Онда Ақорда аспаздарының жеке рецепттері де жарияланған. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ