Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында көктемгі су тасқынынан келген шығын 900 млн. теңгені құрады

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2015
  • 876

Павлодар облысындағы елдімекендерге тасқын су шамамен 900 млн теңге шығын келтірген. Бұл жөнінде облыс әкімі баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Алайда, көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың 9 учаскесі су астында қалды. Осының салдарынан бірнеше бағытта көлік қатынасы тоқтатылды. Жергілікті билік автожолдарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеген.

Баянауыл ауданы Бірлік ауылы маңындағы жол мен Ащысу өзенінен өтетін көпірді, сонымен қатар Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылына кіре берістегі жолды жөндеуге баса мән берілмек. Аталған учаскелерде «Қазавтожол» мекемесінің жергілікті филиалы қалпына келтіру жұмыстарына дайындықты бастаған. Арнайы техника жұмылдырылып, материалдар жеткізілуде. Ал, тасқын салдарынан қирап қалған көпірді қалпына келтіру бір айға созылуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметінің ақпарынша, өткел қазіргі уақытта пайдалануға жарамсыз.

Әсем МҰХИТОВА