Русский Сайттың толық нұсқасы

Америкалық топ менеджер қызметкерлерінің айлығын өсіру үшін өз табысын 93 пайызға қысқартты

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2015
  • 1359

Америкалық Gravity Payments компаниясының топ-менеджері Дэн Прайс өзі шығынға батса да, қол астындағы қызметкерлердің айлығын көтеруді шешкен. Ол үшін Прайс жылдық табысын 93 пайызға қысқартты. Яғни, млн доллардан 70 мың долларға дейін. Бұл туралы Huffington Post хабарлайды.

Осылайша бұрын жылына 48 мың доллар табатын қызметкерлер табысы 70 мыңға дейін өскен. Дэн Прайстың сөзінше, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайға байланысты жиі шағымдануы оны әбден мезі еткен. Сондай-ақ, ол «артық ақшаның бақыт әкелмейтіні» туралы мақала оқыған соң осындай шешім қабылдауға бел буады.

Вашингтонда орналасқан Gravity Payments компаниясы банк төлемдерін жүргізумен айналысады. Прайс 2004 жылы 19 жасында осы компанияның негізін қалаған. Қазір мұнда 120 адам жұмыс істейді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА