Русский Сайттың толық нұсқасы

Кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық штабы мүшелері индустриалды мекен - Ақтөбе облысына жетті

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2015
  • 1087

Кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері еліміздің индустриалды мекені - Ақтөбе облысына келді. Үгіт тобы еңбек ұжымдарымен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен, жас кәсіпкерлермен және ардагерлер ұйымы өкілдерімен кездесті. Штаб мүшелері үміткердің сайлауалды бағдарламасымен кеңірек таныстырды.

Ақтөбе облысы - индустриалды-инновациялық бағытта кең қарқынды дамып келе жатқан өңір. Бұнда соңғы бес жыл ішінде 80 жаңа кәсіпорын бой көтерген. Үлгілі мысал ретінде ақтөбелік рельс- зауытын айтуға болады. Кәсіпорын - ТМД аумағында алғашқы болып, 120 метрлік рельстер шығаратын  бірден-бір зауыт. Бүгінде бұндай өнім өндірісімен тек Жапония мен Ұлыбритания айналысады.

Андрей Дронов, зауыт қызметкері:

Менің таңдауым және жас метталлургтердің таңдауы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Біз әрдайым Елбасының кандидатурасын қолдаймыз.

Ақтөбе облысында ірі өндірістермен қатар шағын кәсіпорындар да қарқынды дамып келеді. Өңірде жұмыссыздық мәселесі оңынан шешілген. Бүгінде аталмыш кәсіпорындар мен зауыттар экономикаға кіріс кіргізіп қана қоймай, мыңдаған адамды жұмыспен қамтуда. Жергілікті кәсіпкерлер де аймақта іспен шұғылданып, бизнес ашуға мол мүмкіншілік бар екенін айтуда.

Жанар Сейілханова, кәсіпкер:

Жарқын болашаққа талпынған, жалынды жас кәсіпкерлер, біздер, Елбасының Қазақстанды мәңгілік елге бастаған істерінің жалғасын тапқанын қалаймыз.

Ақтөбе облысында өндіріспен қатар, әлеуметтік салаға да аса зор ден қойылуда. Бүгін республикалық қоғамдық штаб мүшелері түрлі сала өкілдерімен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Елеусін Сағындықов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Президенттікке лайық кандидат - әлем мойындаған ұлт көшбасшысы, біздің президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев, оған күмән жоқ.

26 сәуір күні ақтөбелік жұртшылық азаматтық борыштарын орындап, дауыс беру науқанына белсенді қатысатындықтарын жеткізді.

Жұрағат БАМАН