«Қазақстанда
тасқын салдарынан қалыптасқан күрделі ахуал 7-10 күнде тұрақталады».
Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар комитетіне
қарасты басқарма басшысы Алексей Советов мәлiмдеді. «7-10 күн төңiрегiнде су деңгейi
азайып, қалыптасқан қиын жағдай сейiледi», - дедi ол. «Тұрғын үйлер мен
шаруашылықтарға келген зардап мөлшерін анықтау бойынша комиссия құрылды. Бүгiнде олар жалпы шығынды
есептеуде», - дедi басқарма басшысы.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА