Президенттікке
кандидат Әбілғазы Құсайыновтың республикалық қоғамдық штабы өкілдері Қарағанды
және Павлодар облыстары жұртшылығымен кездесті. Осы өңірлерде үміткердің 21
сенімді өкілі бар. Үгіт тобы тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, кандидаттың
экологиялық мәселелер жөніндегі сайлауалды тұғырнамасымен кеңінен таныстыруда.
Сондай-ақ бүгін үміткердің аймақтардағы өкілдері Астанада бас қосып, үгіт-насихат
жұмыстары барысын пысықтады.
Президенттіктен
кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сенімді өкілдері кеншілер өлкесінде белсенді
жұмыс атқаруда. Қарағанды облысында үміткердің 3 билборды және 3 мыңнан астам
плакаттары ілінген. Сонымен қатар, 280 мыңға жуық кітапшалар мен үнпарақтар
таратылды. Кандидатты қолдаушы штаб мүшелері тұрғындармен кездесулер
ұйымдастырып, сайлауалды бағдарламаны да кеңінен насихаттауда.
Шолпан Әбенова,
ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың сенімді өкілі:
Қазақстан
Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың көтеріп отырған
бағдарламасы - экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік. Бұл бағдарлама
бүгінгі күні өзекті болып отыр. Бағдарламаны насихаттауда аймақта 18 штаб жұмыс
істеп тұр.
Үгіт тобы
Павлодар облысында да болып қайтты. Кандидаттың осы өңірдегі штабында 13
сенімді өкіл жұмыс істейді. Үгіт-насихат науқаны басталғалы бері, олар облыстың
аудан-қалаларында кең көлемді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде облыс
орталығында кандидаттың екі билборды ілінген. Қаланың түрлі бөліктерінде
жарнамалық ақпараттар жапсырылып, үнпарақтар таратылуда.
Ғабит
Базенов, ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың Павлодар облыстық штабы
жетекшісі:
Бүгінде
экология мәселесі тек біздің мемлекетті ғана емес, бүкіл әлемді толғандырып
отыр. Сондықтан біздің үміткердің негізге алған басты бағыты - ол келер
ұрпақтың денсаулығы. Тұмса табиғатты сақтап, таза ауамен қамту және нақты
істермен жүзеге асыру.
Президенттікке
кандидат Әбілғазы Құсайыновтың өңірлердегі өкілдері бүгін Астанада бас қосты.
Арнайы слетке жер-жердегі сайлауалды штабтары жетекшілері мен үміткердің
сенімді өкілдері қатысты. Жиында өңірлердегі үгіт топтарының жұмыстары
пысықталды.
Рүстем
Жоламан, ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың сайлауалды штабы жетекшісі:
Есептік кезеңде
мақсаты бір адамдардың берік командасы құрылып, соның күшімен бірінші этапты
сәтті өттік. Онан кейін агитациялық материалдарды жоғары деңгейде бастырып,
жергілікті жерлерге тездетіп жеткіздік.
Еліміз
бойынша кандидат Құсайыновтың 36 билборды орнатылған. 25 мың плакат пен
үміткердің сайлау тұғырнамасы туралы 10 мыңнан астам ақпараттық материал
таратылды. Сондай-ақ, телеарналарда екі насихат ролигі көрсетілген. Ал 7
аймақта сайлаушылармен 18 кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараларды 214 адамнан
құралған сенімді өкілдер командасы тап-тұйнақтай атқарған.
Жұрағат БАМАН