Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында 2 күнде 7 адам суға кетті

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2015
  • 1571

Шығыс Қазақстан облысында соңғы екі күнде жеті адам суға кетті. Оның төртеуі кәмелет жасына толмаған балалар. Бұл шомылу маусымы басталмай тұрғандағы жағдай. Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайлар судағы қауіпсіздіктің сақталмауынан болып отыр. Өзендердің ағысы қазір тым қатты. Кей тұрғындар осыны ескермей, суды  кешіп өтуге бел буады. Арты қайғылы да аяқталады. «Ал жеткіншектер жағалауға жақын жүрудің қауіпті екенін ойламайды», - дейді құтқарушылар.

Бақилық болған төрт жасөспірім де үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген жерінде суға кеткен. Осындай оқыс жағдайға жуырда Ресейден келген ана мен бала да тап болды.

Анатолий Рожков, құтқарушы:

Ресейден келген мейман су жағасында демалып жүрген. Ал оның қасындағы жеті жасар баласы ағысы қатты өзенге құлап кетті. Ресейлік азаматша ұлын құтқарамын деп, өзі де суға кетіп отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ