Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Президентінің сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу аяқталды

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2015
  • 1127

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу аяқталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлімдеді. Айтуынша, бүгінгі таңда комиссия 858 байқаушыны тіркеген.

Сондай-ақ, еліміздің Сыртқы істер министрлігінде 37 мемлекеттен 116 байқаушы аккредитациядан өткен. «Жалпы алғанда, сайлау барысында халықаралық ұйымдар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарынан 1 026 байқаушы саяси науқанды бақыламақ», - деді Охлопкова.

Айта кетейік, Қазақстан Президентін сайлау алдағы жексенбі, яғни 26 сәуірде, өтеді.

Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Атап айтар болсақ, 293 байқаушы -  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, 410 байқаушы - ТМД атынан, он байқаушы - Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясы мүшелері. Тағы 15 байқаушы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, 11 адам Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының мүшелері және 3 қадағалаушы - Ислам ынтымақтастығы ұйымының өкілдері.

Жұрағат БАМАН