Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшылар: Алдағы президент сайлауы тыныш өтуі тиіс

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2015
  • 971

Бірқатар сарапшылардың пікіріне сүйенсек, мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлау заң шеңберінде әрі жіті қадағалауда өтеді. Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның осы тұста атқаратын ролі зор деген ойда. Аталған комиссияның мемлекеттік органдармен, мәселен Бас прокуратурамен қоян-қолтық жұмыс істеуі сайлауды байқау процесін күшейте түседі, - дейді сарапшылар.  

Жәнібек Сүлеев,  публицист:

Сайлау кезінде қандай да бір жағдай туындаса, Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия оны барынша белсенді түрде, жедел шешуі тиіс. Менің ойымша, бұл олардың қолынан келеді. Себебі комиссия құрамында бұған дейін сайлауды өткізіп жүрген азаматтар отыр. 

Марат Шибұтов,  саясаттанушы:

Осы жолы біз сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары Заңға сай өтіп жатқанын көріп отырмыз. Қазір байқаушылар сайлау күніне сақадай сай. Десек те, қоғамдық ұйымдар, республикалық комиссия, Бас прокуратура - барлығы сайлау науқанына бақылау жасап отыр. Демек сайлаудан жоғары нәтиже күтеміз.   

Берік ХАСЕНОВ