Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетау кәсіпкерлері: Кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беру - тұрақтылық пен дамуға үлес қосу

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2015
  • 1737

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы делегациясы Ақмола облысына жетті. Штаб өкілдері Көкшетау қаласының мәдениет пен білім ошақтарын және медициналық орталықтарын аралап, жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті. Сайлаушыларды өз кандидаттарының сайлауалды бағдарламасындағы әлеуметтік-экономикалық басым бағыттарымен таныстырды.

Кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық штабы атынан Ақмола облысына үлкен делегация келді. Штаб өкілдерінен бөлек, құрамына еліміздің Демократиялық күштер коалициясына мүше 4 саяси партия жетекшілері мен кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, депутаттар енген насихатшы топ, Көкшетаудың ірі өндіріс нысандарын аралады. 

Нұралы Мырзалиев, «Көкшетау минералды сулары» АҚ қызметкері:

Біздің зауытымыздың қарқынды дамуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жүріп жатыр. Келешегіміз  мықты болсын десек, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс  берейік.

Бұл аймақтың елдің дамуындағы маңызды ролін Мемлекет басшысы өңірге жасаған  сапарында айқындап берген-ді. «Көкшетау - Астананы азық-түлікпен қамтамасыз етуші негізгі қала» деген сөзді президенттің өз аузынан естіген жергілікті кәсіпкерлер берілген жоғары бағаның астарындағы зор жауапкершілікті  жақсы түсінеді. Ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған Көкшетау сыртқы нарықтағы саудасын да жолға қоя білді.

Мұхтар Алтынбаев,  ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халық қаһарманы:

Президентіміздің арқасында еліміз халықаралық қоғамдық саяси өмірдің белсенді қатысушысына айналды. Турасын айтсақ, біздің Елбасы болмаса, Қазақстан да болмас еді.

Көкшетау - түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан құтты қала. Жергілікті халық бірінші кезекте жүзден астам ұлтты жат көрмей, жұмылдыра білген мемлекеттің саяси ұстанымына риза. Сол себепті олар  алдағы президент сайлауында тұтастықты паш етіп, белсенділік танытуды міндет санайды.

Юлия Когут, студент:

Қазақстанда тұратын 130 ұлт пен ұлыс тату тәтті өмір сүруде. Осы жетістіктердің барлығы президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған білікті саясатының арқасы.

Кандидат Назарбаевтың сайлауалды тұғырнамасының 5 конституционалды реформасынан, көкшетаулықтар, сөз бен істің үйлесімділігі айқын көрінеді, дейді. Сондықтан Елбасыға берілген дауыс - әрбір қазақстандықтың тұрақтылық пен дамуға қосқан үлесі екеніне тоқталды. Осылайша, Астанадан өңірлерге шыққан қоғамдық штабтың насихат жұмыстары шешуші күнге бір қадам жақындады. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ