Русский Сайттың толық нұсқасы

Еріген қар суының жайылуынан Қарағанды және Павлодар облыстарында жолдар жабылды

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2015
  • 1200

Ауа райының күрт жылынып, еріген қар суының жайылуына байланысты Қарағанды және Павлодар облыстарында бірқатар жолдар жабылды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті ақпар таратуда. Қазіргі таңда аталған екі облыс шекарасындағы Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский, Қарағанды-Қарқаралы бағытындағы жолдар жабық. Қарағанды облысы шекарасы мен Жезқазған қаласы учаскелерінде, сондай-ақ, Ульяновск-Керей-Үміткер және Майқайың-Қарағанды жолдарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылған.

Жұрағат БАМАН