Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Ресей елшілігі өртенді

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2015
  • 1615

Астанада Ресей елшілігі өртенді. Жалын елшіліктің ауласында орналасқан шаруашылық нысандардан шықты. Өрт сөндірушілер, оқиға орнына алты минутта жеткен. Жеті негізгі техника мен сегіз арнайы көлік тартылыпты. Сондай-ақ,  жалынмен күреске 60 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Кейін белгілі болғандай, өрт спорт зал шатырынан шыққан. Барлығы 15 шаршы метр аумақ отқа оранды. Өрт ауқымы кішігірім болғанына қарамастан көп техника мен өрт сөндіруші жұмылдырылғанын мамандар нысанның маңыздылығымен, әрі ғимарат аумағы үлкен екендігімен түсіндірді.

Арман Құсайынов, Астана қаласы өртке қарсы шұғыл әрекет ету рталығынң бастығы:

Бірінші бөлімшен 18.19-да келді. Яғни 6 минутта келді. Өрт шатырдың ағаштан жасалған құралдар және утиплитель. Аумағы 15 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ