Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменге Үлбі өзенінен төнген қауіп сейілмей тұр

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2015
  • 1291

Үлбі өзенінің арнасынан асуы салдарынан Өскеменде бірқатар көлік жолдарын су басты. Қозғалысқа шектеу қойылған. «Қазгидромет» орталығының осы аймақтағы мамандары, Үлбі өзеніндегі су деңгейі сәт санап көтеріліп келе жатқанын айтып, дабыл қағуда.

Гидролог-мамандар сағат сайын судың мөлшерін бақылауда ұстап отырғандарын айтады. Олар Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды деп, хабарлама таратты. Күн райының күрт жылынуы таудағы қардың еруін жылдамдатқан. Қазір өзендер мен су қоймалары толы. «Әсіресе, таудағы өзендерде барынша сақтықты күшейту қажет»,- дейді мамандар. Қазір төтенше жағдай қызметкерлері қауіпті аумақтарда күндіз-түні кезекшілікте.

Татьяна Ягорлицкая, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының инженер-гидрологы:

Су тасқынының екінші кезеңі басталды. Еріген қардың әсерінен өзендер де ернеуінен асып жатыр. Бірінші толқыны өтті. Өзендер тасып, су біразға дейін жерге сіңбеді. Оған жердің тоң болып қатып жатқаны себеп болды. Қазір ол қиындықтардан арылдық.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ