Кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасы Қазақстанның барлық
ірі шаһарларында насихатталды. Бүгін кандидаттың республикалық штабы Степногор
қаласына да жетті. Қоғамдық штаб өкілдері шағын қаланың қоғам белсенділерімен,
жұмысшылармен және жастарымен жүздесті.
Қайта құру жылдарында Мәскеудің қарамағынан қол үзіп, тынысы тарылған шағын
қалалардың бірі - Степногор. Жер қойнауы алтын мен уранға бай, әлеуеті жоғары
шаһар сол кездері биліктің назарынан таса қалмай, мемлекет басшысының жеке қадағалауына
алынған «бақытты» қалалардың бірі.
Степногор Мәскеудің оң саясатының аясында болғанымен, оны Кеңес Одағы
картасынан таппайсыз. Себебі - шағын қала стратегиялық аймақ ретінде саналды.
Ол жылдары Степногорда жасалған биологиялық қару Семейге жөнелтіліп отырған. Ал
тұрғындар адамзатқа қарсы қару шығарушы қаланың емес ірі индустриалды шаһардың
азаматтарына айналғаны үшін, сынақ полигонын жапқан Елбасыға дән риза.
Осылайша, кезінде адамзатты айықпас дертке ұшырататын өнім шығарған ғылыми
орталықтар қазір дәрі-дәрмек шығаратын өнеркәсіпке айналды.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың
республикалық қоғамдық штабы жетекшісі:
Семейдің ядролық полигонын да жапқан, жаппай қырып-жою қаруынан Қазақстан
жерін тазартқан, бактериялогиялық қару шығаруды біржолата тоқтатқан ол біздің
Елбасымыз.
Нұрила Әзімбек, ұлттық биотехнология орталығының қызметкері:
Біз өзіміздің жарқын болашағымыз үшін үлкен сеніммен нақты қадам жасаймыз.
Және де сол себепті біз Н.Ә.Назарбаевқа дауыс береміз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жұмыссыздық салдарынан Степногорда халық
саны күрт кеміген еді. Қазір шағын қалада 47 мың адам тұрады. Мемлекеттің
моноқалаларды дамыту бағдарламасына іліккеннен бері шаһарда құрылыс басталып,
әлеуметтік, экономикалық көрсеткіштер өсті.
Ыспан Жиенбаев, мұғалім:
Қаладағы әрбір салада әлеуметтік салаларда да, бизнес саласында да
дамығанын көріп отырмыз. Сондықтан да біз елімізде тыныштық болуы үшін, әрі
қарай даму үшін, Степногор қаласы тұрғындары, бір ауыздан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа
дауыс береміз.
Степногорлықтар ел жетістіктерінен шағын қала тұрғындарының шет
қалмайтынына риза. Алдағы сайлауда бірінші кезекте кандидатқа емес, бүгінгі
тұрақтылыққа дауыс береміз дейді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ