«Бүгін Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановты қабылдады», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Тоғжанов
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен
ертең Астанада өтетін ХХІІ сессиясына дайындық барысы туралы баяндады.
Сондай-ақ этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін дамыту жөнінде айтып
берді. Кездесуде өңірлердегі достық үйлерінің, этномәдени бірлестіктердің қызметі
туралы да әңгіме болды.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ