Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат кей банктерде бітіп қалды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2015
  • 1314

Үш күн бұрын басталған, жеңілдетілген үстемемен автонесие беру мемлекеттік бағдарламасы кей банктерде тоқтатылды. Бұған мемлекеттің қатысуымен қолға алынған бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың кейбанктерде таусылып қалғандығы себеп болған - деп хабарлады ҚазТАГ.

Агенттік ақпарынша, «Еуразиялық банкі» үлестірілген қаржыны бес күн ішінде игеріп тастаған. Сондықтан, банк жеңілдетілген несиені қосымша ақша бөлінген жағдайда ғана жалғастыратындарын мәлімдеген. Өтініштерді қабылдауды «Сбербанк» АҚ -да тоқтатқан. Ал, «Халық банкі» рәсімдеуді сәуірдің 23-нен бастайды, әзірге менеджерлер кеңес берумен шектелуде,- деп жазады ақпарат агентігі. «Центркредит банкінен» нақты жауап алынбаған. Мемлекеттік бағдарламаға қатысушы АТФ және ForteBank аталған жұмысты әлі қолға алмаған. Автосалондар өкілдерінің де пікірі жарияланған. Телефон арқылы берген сұхбатында саудагерлердің бірі «жеңілдікпен несиеулеуді банктердің тоқтатқанын» растаған.

Еске салайық, жеңілдетілген автонесие бағасы 5,6 миллион теңгеге дейінгі қазақстандық автомобильдерге арналған. Жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең. Алдын-ала төлем сомасы - кем дегенде 10 пайыз, несие мерзімі - 5 жылға дейін. Қазақстандықтарға рәсімдеуге отандық көліктің 50 үлгісі ұсынылған болатын.

Әсем МҰХИТОВА