Русский Сайттың толық нұсқасы

В.Путин мен Ф.Олланд Украинадағы шиеленістерді талқылау үшін Ереванда кездеседі

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2015
  • 1160

Ресей Президенті Владимир Путин, француздық әріптесі Франсуа Олландпен бірнеше өзекті мәселелерді талқылау үшін Ереванда кездеседі. «Риа Новости» ақпаратына сай, мұндай мәлімдемені Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков жасаған.

Оның айтуынша, Ресей басшысы Армения Президентімен, сондай-ақ  екі жақты кездесу форматында Франция президентімен жүздеседі. Ресей мен Франция Президенттері бас қосуда Украинадағы шиеленіс жайын басты тақырып етіп алады, - деп хабарлайды президент көмекшісі Ушаков.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ