Қазақстандағы Президент сайлауы күні шет елдерде 65 сайлау учаскесі жұмыс
істейді. Бұл туралы «Астана» телеарнасына берген
сұхбатында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлімдеді. «Шетелде жүріп, белгілі бір кандидатқа дауыс беремін деуші қазақстандық
азамат осы учаскелерге келіп, жеке куәлігін көрсетсе болғаны», - дейді.
Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
26 сәуірде еліміздің аймақтарында және де шетелдерде қанша сайлаушылардың
бюллетень алғаны туралы ақпарат әрбір
екі сағат сайын белгілі болып тұрады. Өзге елдердегі уақыт белдеуі
ескеріледі. Десе де олар бізге Орталық сайлау комиссиясы бекіткен үлгіде ақпар
береді.
Жұрағат БАМАН