«Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев қызметінен кетуге өтініш
білдірді»,- деп хабарлайды «Sputnik Кыргызстан» агенттігі. Үкіметтің 2014-
жылғы атқарған жұмысы туралы Парламенттегі есебінен кейінгі мәлімдемесінде
премьер: «көзделген мақсаттардың
барлығына қол жеткізе алмадық, дегенмен атқарушы билікке серпіліс қажет» деді.
Сонымен қатар коалиция мен Парламентке премьер-министр қызметін атқаруға
мүмкіндік бергендігі үшін алғысын білдірді. Сөз соңында депутаттар Қырғызстан
үкіметі басшысына лайықты үміткерді табатындарына сенім білдіретінін жеткізді.
Әзірге премьер-министр қызметін, оның бірінші орынбасары Тайырбек Сарпашев
атқарады, - деп хабарлайды ТАСС. Еске салайық, Жоомарт Оторбаев басқарған
үкіметтің жаңа құрамын, Қырғызстан Парламенті 2014-жылдың 3- сәуір күні
бекіткен еді. Қырғызстандағы үкіметтің ауысуы барқарушы коалицияның тарауына
әкелді. Оторбаевтың ел премьер-министрінің қызметіне тағайындалғаны 26-
наурызда белгілі болды. Оған дейін ол бірінші вице-премьер лауазымын атқарып келген
болатын. Сондай-ақ, Интерфакс агентігі Қырғызстан Президенті аппараты
жетекшісінің бірінші орынбасары Икрамжан Илмиянов та жұмыстан кетуге өтініш
білдіргенін хабарлайды.
Мансұр ЕСХОЖИН