Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда президенттіктен үміткер кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары бүгін аяқталады

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2015
  • 917

Қазақстанда президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары бүгін аяқталады. Сайлау өткізу бойынша күнтізбелік іс-шаралар жоспары негізінде: сайлауалды үгіт 26 наурызда басталған, бүгін сағат 24:00-де өз мәресіне жетеді. Ал ертең тыныштық күні.

Еске салсақ, президенттікке кандидаттарды ұсыну мерзімі 26 ақпаннан 15 наурызға дейін жалғасты. Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталған болатын. Айта кетейік, Қазақстан Президентін сайлау осы жексенбіде - 26 сәуірде өтеді.

Жұрағат БАМАН