Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейлік байқаушылар сайлауға қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2015
  • 793

Қазақстандағы президент сайлауын шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 1026 байқаушы қадағалайтыны мәлім. Олардың қатарында бірқатар ресейлік байқаушылар да бар.

Руслан Аушев, Ингушетияның тұңғыш президенті, Кеңес Одағы батыры:

Қазақстан-бейбіт түрде дамып жатқан мемлекет. Сайлауға түсіп жатқан әрбір үміткердің құқығы сақталған. БАҚ тарапынан болсын, үгіттеу тарапынан болсын. Осы уақытқа дейін қысым көрсетілді деген ақпарат түскен жоқ. Сондықтан әр үміткер өз ойын ашық айтуға мүмкіндігі болды. Ең бастыты президентті халық сайлайды. Сайлауға келген әр-бір қазақстандық азамат өзі таңдаған үміткерге дауыс береді алады.

Михаил Хазин, «Неокон» Эксперттік кеңес беру компаниясы президенті:

Бұл жалпы қабылданған талаптардың орындалуын халықаралық бақылау. Талаптардың сақталарына күмән жоқ. Мен әзірге өрескел жәйттерді көрген жоқпын. Байқаушының басты міндеті бақылау, оның ешқандай алға қойған мақсаты жоқ, барынша объективті болуы біздің міндетіміз.

Самат ҚАНАҒАТОВ