Алматыда
бірқатар отандық сарапшылар бүгін өтіп жатқан сайлау барысына қатысты
пікірілерін білдіріп үлгерді. Дауыс берушілердің белсенділігі, сайлау
учаскелері мен сайлау комиссияларының жұмысы, сарапшылардың көңілінен шықты.
Жәнібек Сүлеев, веб-редактор:
Сайлаушылардың дауыс беруге
келуі, осы жолы рекордтық көрсеткішке жетеді деп болжам айта аламын. Себебі осы
жолғы Президент сайлауы ең бір тұрақты
кезеңдердің біріне тап келіп отыр. Сондықтан халықтың сайлау учаскелеріне
келіп, дауыс беруі әдеттегіден әлдеқайда жоғары болуы заңдылық.
Рүстем
Қадыржанов, Философия ғылымдарының докторы, профессор:
Ұйымдастыру
жағынан осы жолғы сайлау жақсы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясын
айтпағанда, жергілікті әкімдіктер де бүгін жер-жерде жақсы ұйымдасқан жұмыс
көрсетті. Сайлау учаскелері жеткілікті.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ